È

Фин актеры Вилли Хаапасало Қазақстанға келді

Фин актеры Вилли Хаапасало Қазақстанға келді

Белгілі финдік-ресейлік актер және тележүргізуші Вилли Хаапасало Өскеменге келді. Оның сапарының мақсаты «Алтай за 30 дней» деректі сериалын түсіру. Түсіру тобы Барнаул мен Риддерді түсіріп болды, енді Қатонқарағай ауданына аттанбақ. Лента Германия, Норвегия, Финляндия, Франция және Швейцария мемлекеттерінің көрермендеріне көрсетіледі.

«Алтай за 30 дней» - Еуропа көрермендерінің назарына ұсынылған көптеген деректі фильмдердің бірі. Олардың арасында «30 дней по России» және «30 дней по Арктике» секілді фильмдер бар.

Хаапасалоның айтуынша, «Алтай за 30 дней» деректі фильмі сценарийсіз түсірілуде, камера қашанда әзір тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Вилли Хаапасало ресейлік режиссер Александр Рогожкиннің «Особенности национальной охоты» комедиясында дебюттық рөл ойнады. Алайда оған танымалдық "Кукушка" драмасы арқылы келді, онда актер Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фин солдатының рөлін ойнаған болатын.

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер