È

«Су қалыбы»: Торонтодағы дизайнерлік триумф

«Су қалыбы»: Торонтодағы дизайнерлік триумф

Қоюшы-суретші Пол Д. Остерберри («Қамауда», «Помпейлер») сенбіден жексенбіге қараған түні өзінің «оскарлы» триумфын қайталады. Оның Гильермо дель Тороның «Су қалыбы» көркем фильміне жасаған өндірістік дизайны үздік атанып, Торонтода Канада режиссерлар гильдиясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, «суық соғыс» кезінде Пентагон құпиялы лабораторияларында пайда болған су астындағы мақұлыққа ғашық болатын мылқау әйел жайлы фантастикалық жоба Канадада үздік монтаж, үздік дыбыстық әрлеу және үздік көркем фильм ретінде жүлделер иеленді.

Канада режиссерлар гильдиясының үздік режиссері ретінде Миранда де Пенсьер «Гризли» толықметражды дебютімен көзге түсті.

Телевизиялық бағытта Канадада өндірілген немесе канадалық кино шеберлері продюсерлік еткен жұмыстардың арасынан Hulu арнасының «Қызметшінің әңгімесі» туындысы озық шықты, ал режиссері Кари Скогланд үздік драмалық хикая үшін жүлдеге ие болды.

Netflix стримингті қызметінің «Ол Грэйс» кіші көлемді хикаясы Мэри Хэрронға «телефильм немесе кіші көлемді хикая» номинациясында үздік режиссур жүлдесін сыйлады. Сонымен қатар, осы жобамен айналысқан қоюшы-суретші Арвиндер Грюал және монтаждаушы Дэвид Уонсби де жүлделерге ие болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер