È

«Тақтардың ойыны» хикаясына арналған шарадан фоторепортаж

«Тақтардың ойыны» хикаясына арналған шарадан фоторепортаж

16 шілде күні әйгілі «Тақтардың ойыны» хикаясы жетінші маусымының тұсаукесері болып өтті. Осыған орай, 17 шілдеде Villa Boutiques and Restaurants аумағында АЛМА ТВ сауда белгісі мен «АлмаТел Қазақстан» компаниясының ұйымдастыруымен танымал хикаяның бірінші бөлімі көрсетілді.

Алғашқы көрермендер арнайы орнатылған Темір тақтың, телевизиялық шоу бағытында әрленген фуршеттің және «Тақтардың ойыны» басты кейіпкерлерінің косплеерлерінің куәсі болып қайтты.

Шара қонақтары көрсетілімнен алған әсерді тіпті, жауынның да бұза алмағанын айтты.

Аталмыш жоба телевидение тарихындағы ең қымбат картина болып саналады. «Тақтардың ойыны» хикаясы аяқталған соң да, ешкім оның табыстылығын қайталай алмайтын секілді.

Көрсітілімнің қалай өткенін және ерекшеліктерін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

 

Суреттер: ppz.kz, kipyat.com

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 12:46

Я жду. От нетерпения. Новые новеллы и переживания нас сведут сума

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер