È

«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің бірінші түсірілім күнінен фоторепортаж

«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің бірінші түсірілім күнінен фоторепортаж

Алматыда режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Аға ма, әлде неке ме?» қазақстандық комедиясының түсірілімі қызу жүріп жатыр. Бұл жоба режиссердің толық метрдегі дебюті болып табылады. Оның алдыңғы жұмыстары: «Зәуре», «Өгей жүрек», «Сүйе білсең».

Фильм сюжетінің негізгі кейіпкері – жанұядағы жалғыз қыз Гаухар. Бойжеткен ағаларының қамқорлығына бөленіп өсті. Алайда олардың шектен тыс қамқорлығы үлкен бір мәселеге айналды. Гаухардың сезіміне үміткер жігіттердің барлығы қатаң тексерістен өтеді. Гаухар қалған өмірін жалғыздықпен өткіземін ғой деп жүрген кезде, махаббат үшін кез-келген құрбандықтарға баратын жігітті жолықтырады.

Жобаның бас продюсері әрі басты рөлдегі актриса - Құралай Анарбекова. Ол бұрын «Алтын ұя» мен «Өз адамдарының арасындағы бөтен» хикаяларының продюсері болған.

Комедияның бірінші түсірілім күнінің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

Съемки фильма «Брат или брак?», Куралай Анарбекова

 

Фото: Нұрсұлтан Сегізбаев

 

Суреттер үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист