È

«Саз - махаббат» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Саз - махаббат» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Отандық режиссер Айгүл Ақсамбиева көрермендерге өзінің «Саз-махаббат» фильмін таныстырды. Тұсаукесер көрсетілімі түсірілім тобының, арнайы шақырылған қонақтар мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті.

«Саз-махаббат» қысқа метрі қиын жағдайды басынан өткеріп жүрген мүсінші Болаттың отбасы туралы баяндайды. Оның жылулық іздеген әйелі кешірілмес қадамға барады. Яғни, басқа еркекпен көңіл қосады. Ерлі-зайыптыларға бір шешімге келу керек: ренішті ұмытып, отбасын сақтау немесе ажырасу. Махаббат драмасы 90-жылдардағы қайта құру кезеңінде болған.

Адал жар әрі мүсіншінің рөлін Әзиз Бейшеналиев, ал оның әйелін әнші Динара Қайырова сомдады. Актерлар Айгүл Ақсамбиевамен бірге жұмыс істегеннің ұнағанын, оның алдағы картиналарына түсуге қуана келісетіндерін жеткізді.

Режиссерді құттықтап, жұмысын бағалау үшін продюсерлер Салтанат Қалиева мен Алуа Қонарова, актриса Әсем Жәкетаева, «31» арнаның бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова, тележүргізуші Айдын Шалқар және т.б. келді.

Тұсаукесердің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан тамашалай аласыздар.

{{begin_gallery}}

Айгуль АксамбиеваАйгуль АксамбиеваАйгуль АксамбиеваАзиз БейшеналиевАйгуль АксамбиеваАйгуль АксамбиеваАзиз БейшеналиевДинара Каирова
Айгуль Аксамбиева

{{end_gallery}}

 

Фото: Әлішер Сүлейменов

Суреттер үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер