È

«Махаббат» кафесі» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Махаббат» кафесі» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Алматыда «Махаббат» кафесі» романтикалық комедиясының тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Таспа режиссері - Асқар Ұзабаев, ал бас продюсері - әнші Ерке Есмахан.

Фильмдегі оқиға жол бойындағы «Махаббат» дәмханасында өрбиді, ол жаққа Шыңғыс есімді жігіт даяшы болып жұмысқа орналасады. Ол жағымсыз жағдайға тап болып, сол мекемеде өзінің кім екенін жасырып жүруге мәжбүр болады. Уақыт өте келе, ол өтіріктің неге әкеп соғатынын түсінбей, дәмхананың иесі мен оның қызы Мақпалға бауыр басып қалады.

Басты рөлді актер Шәріп Серік сомдады. Мақпал рөлі Ерке Есмаханға бұйырды. Сондай-ақ, картинаға Әбунасыр Серіков пен Дариға Бадықова түсті.

Фильм түсірілімі Жамбыл облысы, Шу қаласында өтіп, 18 күнге созылды.

«Махаббат» кафесі» комедиясының тұсаукесерінің қалай өткенін фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

 

Фото: ppz.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер