È

«Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

28 қазанда Chaplin cinema кинотеатрында «Кәсіпкерлер» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті, режиссері Ақан Сатаев болып табылады. Картина Astana Film Fund қолдауымен өндірілді. Қоюшы-операторы – Хасанбек Қыдырәлиев.

Хикая үш достың тағдырын баяндайды, олар сонау ауыр 90-жылдары жеке кәсіп ашып, қомақты қаражат табуды көздейді. Табыс, байлық олардың достықтарының бұзылуына әкеп соғады, жастар өмірдегі ең маңызды дүниенің не екенін шешуге тырысады.

Басты рөлдерді Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Расым Жұбаев сомдады.

Фильм түсірілімі 35 күнге созылды. Кеңесшілер - кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Ғафур Ихсан.

Картина бюджеті 500 миллион теңгені құрады.

Сценаристі - Тимур Жақсылықов, ол «Рэкетир» және «Аудандардың» екі бөліміне арнап сценарий жазған. Таспа композиторы – Әлім Заиров.

Егер сіз картинаны тамашалап үлгерсеңіз, онда біздің фоторепортажымыздан таспаның қалай түсірілгенін көре аласыз. Ал киноға енді баратын адамдар үшін фильм түсірілімінің қыр-сыры қызық болатын шығар.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:04

Как всегда харизматичный Шако

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер