«Кинодан да артық» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж
23 қараша күні еліміздің кинотеатрларынан Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» комедиясы көрсетіле бастайды. Фильм сюжеті қызықты кино әлемімен және оның «тұрғындарымен» жақынырақ таныстырмақ.
Картинадағы басты рөлдерді Аружан Жазылбекова мен Данияр Алшынов сомдады. Сонымен қатар, таспаға Жания Джуринская, Газрет Ержанов, Дәурен Айдарқұлов, Әбунасыр Серіков, Еркін Губашев, Мадина Оспан, Марат Әлібаев түсті. Сондай-ақ, комедиядан Нағима Ахметова мен Рәтбек Байенов сынды вайнерлерді көре аламыз.
Фильмнің қалай өндірілгенін және актерлар мен вайнерлердің кино туралы киноға қалай түскенін фоторепортаждан тамашалаңыздар.
Суреттерді Bissembin film студиясы ұсынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін