È

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

4 қазанда отандық айналымға «Қаржыгер. Шығу ойыны» картинасы шықты, таспаның бас продюсері Ерболат Байғанин болды. Қазақстандық кинода режиссер Елена Лисасина дебют жасады.

Картинадағы оқиға қаржы биржасында қомақты қаражат табатын екі достың айналасында өрбиді. Бір күні достардың бірі артында беделді адамдар тұрған алаяқтыққа тап болады. Жігіттер мәселені өздері шеше ала ма, жоқ әлде әлемде барлығын ақша мен билік шеше ме?

Фильмге Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин, Карина Жұмалиева, Бақытжан Әлпейісов, Филипп Волошин, Санұржан Сүлейменов және Алдабек Шалбаев түсті.

Картинаның түсірілім тобында қоюшы-оператор Александр Вертяков, сценарист Дмитрий Богомолов, қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев, продюсер Анна Чакиртова жұмыс істеді.

Қаржы драмасының түсірілімі былтырғы күзде өткен болатын. Міне, бір жылдан соң, картина көрермен назарына ұсынылды. «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің қалай түсірілгенін фоторепортаждан көре аласыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер