«Бөлінбейтін» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж
Бір апта бойы кинотеатрлардан режиссер-дебютант Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» фильмі көрсетіліп жатыр. Картина бюджеті 93 мың долларды құрайды.
Таспа сюжетінде 5 миллион долларды өзара бөлісіп алғысы келетін 8 адам сипатталады. Барлығының қолында тапанша, әркімнің өз шындығы бар. Дегенмен, ірі табыс кімге тиесілі болады екен?
Бөлісушілердің рөлін Әзиз Бейшеналиев, Асан Мәжит, Берік Айтжанов, Шыңғыс Қапин, Нұржан Садыбеков, Алексей Шемес, Жібек Жаппасбаева, Ерден Телемісов сомдады.
Қылмыстық комедия түсірілімінің қалай өткенін фоторепортажымыздан көре аласыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін