È

«Қазақ аруы» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Қазақ аруы» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

Наурыз айының соңында «Хабар» телеарнасында «Қазақ аруы» хикаясының тұсауы кесілген. Картина - «Esentai production» продюсерлік орталығының режиссерлар Ернар Нұргалиев («Өгей жүрек») және Дархан Саркеновпен («Статья на двоих») біріккен туындысы. Туындының бас продюсері әрі кейіпкердің бірін сомдаушы Баян Есентаева болды.

Танымал продюсердің жаңа жобасы - «Қазақ аруы» ұлттық сұлулық байқауының экрандалған түрі. Сюжет желісінің басты кейіпкері – мектепті жаңадан бітірген Әсел есімді бойжеткен. Ата-анасының қайғылы өлімінен соң, ару өмірден өз орнын табуға тырысады. Осылайша, «Қазақ аруы» байқауына кастинг жарияланғанын біліп, қатысуға бел буады. Жеңіске жету үшін бойжеткен алдымен өзін жеңе білуі тиіс.

Басты рөлдерде - Гүлзада Тұрлаш, Жұлдыз Өмірғали және Тәуекел Мүсілім. Сонымен қатар, фильмге Рано Умарова, Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан және т.б. елімізге белгілі әртістер түсті.

Хикая 19-наурызда Астанада өткен «Қазақ аруы» байқауы аяқталған соң эфирге шықты.

Хикаяның түсірілімінің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

Съемки сериала «Қазақ аруы»

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

27 апреля 2017, 20:34

класснно, я доволен сериалом.

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса