«Она» триллерінің түсірілімінен фоторепортаж
Ақан Сатаев былтырғы жылдың қараша айынан бастап, «Astana film fund» студиясымен бірігіп «Она» психологиялық триллерінің түсіріліміне кіріскен болатын. Картинадағы басты рөлді жоба идеясының авторы Айсұлу Әзімбаева сомдады.
Сюжет бойынша үлкен қалада кішкентай қыз бен бойжеткен тұрады. Олар қыдырып, сауда жасап, қалыпты өмір сүріп жатады. Тек бір ғана нәрсе оларды ойландырады. Үлкен қалада екеуі ғана өмір сүруде. Кейіпкерлер бір күні белгісіз біреудің ізін көреді. Ол кім және неге жасырынып жүр? Бұл сұрақтардың жауабын көрермен осы күзде біле алатын болады.
Фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Азамат Дулатов және композитор Әлім Заиров атсалысты. Азамат Дулатов үшін бұл жоба - Ақан Сатаевпен бірігіп жасаған алғашқы жұмысы.
Психологиялық триллер түсірілімінің қалай өткенін және түсірілім тобының қалай жұмыс істегенін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін