È

«Годзилла Конгқа қарсы»: Брайан Тайри Генри құбыжықтар шайқасына қатысады

«Годзилла Конгқа қарсы»: Брайан Тайри Генри құбыжықтар шайқасына қатысады

«Атланта» хикаясының екінші маусымы үшін «Эмми» жүлдесіне ұсынылған Брайан Тайри Генри («Ақ жігіт Рик», «Артемида» қонақ үйі») «Годзилла Конгқа қарсы» атты құбыжықтар шайқасына қатысады, оның режиссерлігімен қазір Адам Вингард («Өлім дәптері», «Блэр мыстаны: Жаңа бөлім») айналысуда. Генри басты рөлді сомдаушы 14 жасар Милли Бобби Браунның («Өте біртүрлі әрекеттер», «Құштарлық анатомиясы» хикаялары) серіктесі болады.

Қазіргі таңда «Годзилла Конгқа қарсы» сюжеті бұлыңғыр, бірақ Вингард фильмі құбыжықтар арасында патша болу үшін күресетін барлығына белгілі екі классикалық құбыжықты көрсетеді. Генри ойнайтын рөл жайлы да анық айтылмады, тек оның фантастикалық атыс-шабыс фильмінде негізгі адам кейіпкерлердің бірі болатыны белгілі.

«Годзилла Конгқа қарсы» киноәлемдегі бірнеше жыл бұрын жарыққа шығып, көрермендерді алыптармен қорқытып жүрген төртінші жоба болмақ. Legendary студиясы түсірген алғашқы екі таспа - Гарет Эдвардстың «Годзилласы» және Джордан Вот-Робертстің «Конг: Қаңқалар аралы» фильмі 2014 пен 2017 жылдары айналымға шығып, тамаша бокс-офис жинаған еді. «Годзилла 2: Құбыжықтар патшасы» деп аталатын «Годзилланың» жалғасы өндірістік кезеңде тұр және келесі жылы көктемнің соңына қарай айналымға шығады.

«Годзилла Конгқа қарсы» фантастикалық атыс-шабыс фильмі 2020 жылдың 21 мамырында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер