È

«Жалаңаш Джульетта»: Роуз Бирн нағыз музыка жанкүйерінің рөлінде

«Жалаңаш Джульетта»: Роуз Бирн нағыз музыка жанкүйерінің рөлінде

Режиссер Джесси Перецтің («Жарқырау» және «Қызғылт сары – маусым хиті») «Жалаңаш Джульетта» атты қызықты әрі сезімге толы романтикалық комедиясы биылғы жылдың басында «Сандэнс» халықаралық фестивалінде тұсаукесерге ие болған еді, ал қазір трейлері пайда болды. Перец белгілі жазушы әрі сценарист Ник Хорнбидің («Бруклин», «Жабайы») 2009 жылғы аттас романын бейімдеген болатын, картина жеке идеяларының кесірінен қақпанға түсіп қалған жанкүйерлерге пародия жасайды.

«Жалаңаш Джульеттада» белгілі бір түрлілікке ие классикалық махаббат үштігі бар: Энни (Роуз Бирн, «Мен сені жақсы көремін, әкешім», «Көршілер. Шайқас алаңында 2»), жігіті Дункан (Крис О’Дауд, «Кловерфилд парадоксы», «Үлкен ойын») және қолға түспейтін рокер Такер Кроу (Итан Хоук, «Өмірге 24 сағат», «Алғашқы реформаттық шіркеу»). Дункан ұзақ жылдар бойы Такерге деген жанкүйерлік махаббатымен ауырды, тіпті рокердің Дунканның бұл өмірде бар екенін білмегені маңызды емес еді.

Крис О’Даудтың кейіпкері Кроу шығармашылығына берілген және Такердің музыкалық мансабына қатысты барлық дүниені жинап жүреді. Дункан тіпті ғаламтордағы жанкүйерлік сайтына әкімші болып алған. Бір күні оның қолына Такердің алғашқы альбомының демо-нұсқасы түседі. Дункан қуаныштан барлығын ұмытады. Жігітінің күн сайын сол альбомды тыңдай бергені Энниге мүлдем ұнамайды да, ол Кроудың сайты арқылы өзімен байланысқа шығады. Күтпеген жерден Энни мен Такер жақсы сөйлесіп кетеді, араларындағы қарым-қатынас ойлағаннан да жылдам өрбиді.

«Жалаңаш Джульетта» романтикалық комедиясы 2018 жылдың 17 тамызында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса