È

Голливуд актерлары Шығыс Қазақстан облысы жайлы фильмге түседі

Голливуд актерлары Шығыс Қазақстан облысы жайлы фильмге түседі

Бүгін Өскемен аэропортынан әлемдік кино жұлдыздары Майкл Мэдсенды, Кэри Тагаваны, Бай Линді және Марк Дакаскосты қарсы алды. Голливудтық актерлар Шығыс Қазақстанның сұлулығын баяндайтын фильмге түсу үшін Қазақстанға келді.

Шетелдік қонақтарға режиссер және сценарист Еркен Ялгашев, актер және продюсер Арман Асенов жол көрсетті. Актерлар облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесіп, түсірілімді талқылады.

Фото: Altaynews.kz
Фото: Altaynews.kz

Белгілісі, картина 4 бөлімнен тұратын болады. Фильмнің жалпы ұзақтығы - 1 сағат. Таспаның шығарылымымен қазақстандық және голливудтық студиялар айналысады.

Жақын арада Өскеменге «Оскар» және «Алтын Глобус» номинацияларының иегері Эрик Робертс келеді.

Фильм түсіріліміне дейін голливудтық актерлар облыстың мәдени орындарымен және өлкенің тарихымен танысып қайтпақ.

 

Превью: Yk.kz

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

15 февраля 2018, 01:39

Круто!

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:05

Отлично. Делаем прорыв в голливуд.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер