È

Голливуд актері Гасан Масуд қазақстандық фильмге түсіп жатыр

Голливуд актері Гасан Масуд қазақстандық фильмге түсіп жатыр

«Аспан әлемі» фильмі арқылы таныс Голливуд актері Гасан Масуд қазақстандық картинаның түсіріліміне қатысып жатыр. Актер режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында Кир патшаның рөлін сомдайды.

Гасан Масуд – Туниста бірінші болып араб-африкандық театр ашқан араб-американдық актер. Масуд Финляндия мен Германияда білім алған. Отанына оралған соң, театр өнері мектебіне түсіп, ұстаз болып 10 жыл қызмет атқарды. Актер Ридли Скоттың «Аспан әлемі» (2005) фильмінде Саладин рөлін сомдап, халыққа кеңінен танылды. Сондай-ақ, Масуд «Кариб теңізінің қарақшылары: Ит арқасы қиянда» (2007), «Соңы: Патшалар мен құдайлар» (2014) картиналарына және «Барон» ресей-өзбек атыс-шабыс фильміне (2016) түскен.

Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан
Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан

«Томирис» фильмі парсы патшасы Кирге тойтарыс берген сақ патшайымы Томирис жайлы баяндайды. Геродот жазбаларына сәйкес, Кир Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алған. Сақ жауынгері егер баласын босататын болса, Кир мен әскерлерінің өмірін сақтап қаламын деп уәде берген. Жауа ала алмаған Томирис соғыс ашып, Парсы патшасының басын алған.

Басты рөлді актриса-дебютант Альмира Тұрсын сомдауда, оны 15 мың үміткердің ішінен таңдап алған. Спаргапис рөлінен көрермендер Асылхан Төлеповті көретін болады.

Айта кетсек, таспа түсірілімі жалғасып жатыр. Түсірілім тобы көне Вавилонның көлемді декорациясы салынған «Қазақфильм» аумағына көшті.

 

Превью: Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер