Қазақстан туралы шетелдік жоба әзірленуде
Ресейлік режиссер Сергей Шанович Қазақстан туралы арнайы жоба түсіру үшін Алматыда түсірілім жұмыстарын жүргізді.Түсірілім Түрген шатқалы мен Ассы даласында болып, табиғаттың көз тоймайтын сұлулығына тамсанды.
Негізгі мақсат жылқының үйірін жазғы жайлауға аудауды көрсету болатын. Түсіру нысаны кездейсоқ таңдалмаған, өйткені жылқы көшпенділердің тәуелсіздігі мен бостандығының символы іспеттес.

Шановичтің түсірілім тобына Казақстан географиялық қоғамы көмек қолын созды. Сондай-ақ түсірілімге бүркітшілер, садақшылар, әнді тамақпен орындау шеберлері «Arkayim» тобы және «Көшпенділер өркениетінің мұрасы» халықаралық қоғамдық қоры да қатысты.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін