È

Жұлдызды түнге дайындалыңыз!

 «Изгой-Один. Звездные войны: Истории» фильмінің тұсаукесері

Қазақстандық прокатқа «Изгой-Один. Звездные войны: Истории» фантастикалық фильмінің шығатын уақыты белгілі болды. Тұсаукесер Kinopark кинотеатрлар желісінде 2016 жылдың 15 желтоқсанында болады.

«Звездные войны» аңызының табынушылары үшін Kinopark жұлдыздар түні стилінде көрсетілім әзірлеп жатыр. Сондықтан ғарыш образын жақсы көретіндерді ерекше костюмдермен таңғалдырмақ және кино әлемінің жаңалықтарымен бөліспек.

«Изгой-Один. Звездные войны: Истории» франшизаның төртінші бөлімінде айтылған оқиғаны өрбітеді. Фильмде повстанцтер мен ғаламат күш иесі Дарт Вейдер арасында айқас болады. Жобаның басты элементі джедайлардың жоқтығы.

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің жаңа трейлері шықты. Көшірмесін Kinopark ресми парақшаларынан (Vkontakte және Facebook) көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер