È

«Формат» тобы «Всё из-за мужиков» фильміне саундтрек жазды

«Формат» тобы «Всё из-за мужиков» фильміне саундтрек жазды

Қазақстандық «Формат» тобы «Всё из-за мужиков» комедиясына саундрек жазды.Фильмнің музыкалық өңдеуі «Қазақ аруы» деген әнмен әрленді. Композицияның бейнеклипі Астанада түсірілді. мпозицию сняли в Астане.

«Все из-за мужиков» фильмі - комедиялық лента, мұнда үш достың басынан өткен оқиға баяндалады. Олар өздері армандағандарындай тек әйелдер өмір сүретін әлемге түсіп кетеді. Арман, Тұрсынбек және Тима миллион қыздың назарына ілігеді. Жігіттер осы бір керемет сәттен ләззат алғылары келеді, бірақ осының бәрінің ақысын төлеу керек.

Картинада Тәуекел Мүсілім, Әсел Ақбарова, Данияр Алшинов, Жәния Джуринская, Темірхан Асылбек, Сая Оразғалиева және басқалар түсті.

Шығармашылық топтың құрамында режиссер Виктор Бормотов, сценарист Вадим Комиссарук, қоюшы-суретші Евгений Дисимбаева, дыбыс режиссеры Алиаскар Дастенов. Бас продюсері Александр Суслов.

Комедияға 1137 нәзікжанды қатысты, түсірілім 2016 жылы Астанада өтті.

«Всё из-за мужиков» фильмінің тұсаукесері 2 наурызда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер