È

«Лашын» тобы мен Арай Дүйсен «Оралман из Питера» фильмінің саундтрегін орындады

«Лашын» тобы мен Арай Дүйсен «Оралман из Питера» фильмінің саундтрегін орындады. Қазақстан киносы

Желіге «Оралман из Питера» отандық комедиясының ресми саундтрегі жарияланды. Фильмнің музыкалық әрлеуі - «Белые ангелы» шығармасы. Әсерлі әнді «Лашын» тобы мен продюсер әрі сазгер Арман Дүйсеновтың қызы Арай Дүйсен орындады.

«Оралман из Питера» комедиясы – ауылдық музыканттардың қаладағы қызықты оқиғасы туралы. Үш дос Мәдениет үйіне арналған аспаптар сатып алу үшін Алматыға келеді. Алайда, кейіпкерлер өздеріне берілген ақшаны байқамай құртып қояды. Онымен қоса, жергілікті қылмыс дөкейіне қомақты көлемде қаржы қарыз болып қалады. Бастарына түскен жағдайдан тек ғажайып оқиға құтқара алады. Немесе, музыкалық топ арасында өткізілген байқаудан жеңіске жету керек.

Көңілді музыканттардың рөлін актерлар: Дәурен Айдарқұлов, Асан Мәжит, Қуандык Шәкіржанов сомдайды. Оларға Динара Бақтыбаева мен Дина Тасболатова қосылды.

Картина режиссері «Каникулы в Таиланде» комедиясының жұмыстарын аяқтап бітірген жас маман Ален Ниязбеков болды.

Айналымға «Оралман из Питера» комедиясы 12 сәуірде шыққан. Фильмнің алғашқы кассалық жинағы 18 509 100 теңгені құрады. Картинаның кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса