È

«Хабар» «Уақыт» қылмыстық хикаясының шығу күнін жариялады

«Хабар» «Уақыт» қылмыстық хикаясының шығу күнін жариялады

«Хабар» телеарнасы «Уақыт» қылмыстық хикаясының шығу күнін жариялады. Көпбөлімді драманың көрсетілімі осы жылдың 15 мамырынан басталады.

«Уақыт» хикаясы – ауруханада тағдырлары тоғысқан төрт белгісіз еркектердің оқиғасы. Кейіпкерлерге қауіпті диагноз қойылды. Кейін, олар жағдайға байланысты беделді кәсіпкермен танысады, кәсіпкер оларға бір жақсы іс үшін, яғни әділдіктен қашып кеткен қылмыскерлерді жазалағаны үшін ірі ақша ұсынады. Кейіпкерлер келісе кетеді, бірақ уақыт пен жағдайдың өздеріне қарсы шығатынын сезбейді де.

Көпбөлімді драманың режиссері Дмитрий Қырықбаев болды. Ол фильм қойылымымен айналысып қана қойған жоқ, сондай-ақ басты рөлдердің бірін сомдады.

«Менің кейіпкерім - Давид, өте сезімтал, нәзік адам. Өзі қатты жақсы көретін анасынан басқа оның ешкімі жоқ. Кейіпкерім екеуіміздің туғандарға қамқор болу сынды мінезіміз ұқсайды. Бірақ, жалпы екі түрлі адамбыз. Режиссерлік жұмыс пен камера алдында ойнау қиындау болды. Кейде кадрды дұрыс қою үшін алаңдайсың, кейде рөлге енуге барынша тырысасың», - деді Дмитрий «Prime Time» журналына берген сұхбатында.

Теледраманың басқа кейіпкерлерін: Жасұланды - Нұржан Әуезхан, Мақсатты - Ринат Мәделин, Русланды - Владимир Кащенко сомдады. Қылмыстық хикаяны актерлар Олжас Тоғымбет, Жан Байжанбаев, Әзиз Бейшеналиев пен Нұржан Садыбеков сомдаған кейіпкерлер әрлей түсті.

Сценарийді «Патруль» комедиялық жобасы арқылы танылған авторлар Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев жазды. Екеуі үшін «Уақыт» драма жанрындағы үлкен тәжірибе болды.

Әсерлі оқиғалар, қашу мен атыс-шабыс көрермендерге 12 бөлімде ұсынылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер