È

«Хабар» «Тайталас» сериалына анонс жасауда

«Хабар» телеарнасы «Тайталас» фильміне аңдатпа жасады. Қазақстан киносы

16 қаңтардан бастап «Хабар» телеарнасында «Тайталас» сериалы көрсетіле бастайды. Жаңа көпсериялы фильм отандық боксқа арналған.

«Тайталас» сериалының негізгі сюжеті бокстан Қазақстан құрамасы жайлы. құрама команданың кезекті жеңілісінен кейін бас жаттықтырушысы жұмыстан кетеді. Бірақ оның орнына келе қалатын адамдар көп емес. Комитеттің бас төрағасы Базарбаев жаттықтырушылықты өзінің ескі танысы, өз заманының қабілетті боксшысы Қуат Жарденовқа ұсынады. Қуат досының сенімін ақтай ала ма, ол қазіргі спорт заңына бағынып, жастар құрамасын жоғары деңгейге жеткізе алама, мұны жақында біле аласыздар.

Фильмге Ерік Жолжақсынов, Аян Өтепбергенов, Шәріп Серік және басқа да отандық актерлер түсті.

Телекөрермендерге 12 серия ұсынылады. Спорттық драманың көрсетілетін уақыты әзірге нақты белгісіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер