«Хабар» «Өз үйім» атты жаңа хикая түсіріп жатыр
«Хабар» телеарнасы көрермендерге жаңа жоба дайындап жатыр, ол - «Өз үйім» комедиялық хикаясы. Хикая түсірілімі Алматыда отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен өтіп жатыр.
«Өз үйім» хикаясы – ағайынды Құдайбергеновтер мен олардың әйелдері туралы оқиға. Әр отбасының өз мәселелері бар. Сол мәселелерді шешу жолында қызықты оқиғаларға тап болады. Отбасылық жұптарды эстрада жұлдыздары сомдайды, олар шынайы өмірде де жұп, атап айтқанда, хикаяға Аиша мен Бүркіт (Виктория Садықова мен Айбек Жансейітов), Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров түсіп жатыр.
«Өз үйім» хикаясы түсірілімінен сурет
Сондай-ақ, түсірілімге әншілер Абай Бегей, Рамазан Стамғазиев, Заир Бегалы және Медеу Арынбаев қатысуда.
Режиссерлік орырға Анвар Матжанов («Мезгілсіз махаббат») ие болды. Сценарий авторлары - Марат Оралғазин мен Рүстем Омаров. Көпсериялы таспаның өндірісімен Bas production студиясы айналысуда.
Авторлардың айтуынша, көрермендерді күлкілі әрі әсерлі хикая күтіп тұр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін