È

«Хабар» «Арман жолында» хикаясын көрсетпек

«Хабар» «Арман жолында» хикаясын көрсетпек

Бүгін, 20 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасынан «Арман жолында» хикаясы көрсетіле бастайды. Көпсериялы фильм жас спортшы-велошабандоздарға арналған.

Сюжетте кәсіби велошабандоз болуды армандайтын жоғары сынып оқушысы Арман суреттеледі. Бала әкесінің ескі шайтанарбасымен күн сайын жаттығады. Бір күні оны еліміздегі алдыңғы қатарлы жаттықтырушы байқап қалады. Ол Арманды велошабандоздардың кәсіби алаңқайына шақырады. Кейіпкер мүмкіндікті пайдаланып, арманына жете ала ма?

Жасұлан Көпберген

Хикаяға жас актерлар Жасұлан Көпберген және Аслан Анарбаев түсті. Сондай-ақ, фильмнен Алтынай Нөгербек пен Сағат Жылгелдиевті көре аламыз.

Хикая режиссері - Бейбіт Өнер. Бұл - оның дебютті телевизиялық жобасы. Алдыңғы жұмыстары - «Бека», «Уәде», «Басқа жақта» және «Косуля» қысқаметражды фильмдер.

Хикая эфирден жұмыс күндері көрсетіледі. Барлығы 12 эпизод ұсынылады.

 

Суреттерді «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметі ұсынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:45

Думаю, мы идем вверх, кино наше развивается, и есть смотреть свое, чем другие.

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер