È

«Хакер» прокатқа шығады

«Хакер» прокатқа шығады

1 желтоқсандща отандық прокатқа Ақан Сатаевтың «Хакер» деп аталатын америкалық фильмі шығады. қазақстанмен қатар картинаны бірнеше елдің көрермендері тамашалай алады.

Авторлардың айтуынша, «Хакер» болған оқиғаға негізделген. Сюжет бойынша Украинадан келген жас босқын Алекс ғаламторды табыс көзі ретінде пайдаланады. Ол отбасына көмектесу үшін ұсақ-түйек қылмыстар жасайды. Бірде ол көшеде қалта ұрысы Саймен және технологиялардың білгіші Киррамен кездесіп қалады. ұсақ-түйек авантюрадан бастап, олар банктар мен банкоматтарды тонауға, қор биржаларымен алаяқтық жасауға дейін барады.

«Хакер» фильмінен кадр. Фото: Tengrinews.kz

Басты рөлдерде Каллэн МакОлифф және Лоррэйн Николсон.

«Хакер» фильмі осыдан екі жыл бұрын продюсер Санжар Сұлтановпен бірлесіп түсірілген. Сценарий авторлары Ақан Сатаев, Санжар Сұлтанов және Тимур Жақсылықов.

Фильмнің түсірілімі Қазақстанда, Канадада, Қытайда, Тайланта және АҚШ-та өтті. Әлемдік тұсаукесері 2015 жылдың 19 қыркүйегінде болд ХI «Евразия» ХКФ және «Шәкен жұлдыздары» байқауы аясында болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер