«Кішкентай жыртқыш құстар»: Марго Робби түсірілімнің келер жылдың қаңтарында басталатынын хабарлады
Марго Робби («Біткен», «Тоня барлығына қарсы шығады») «Кішкентай жыртқыш құстар» комиксі түсірілімінің келер жылдың қаңтарында басталатынын хабарлады. Жоба DC-дің басқа таспаларымен салыстырғанда, аз ғана бюджеттен тұрады. Фильмнің продюсері болып келетін Робби «Өз-өзін өлтірушілер тобындағы» Харли Квинн рөлін қайталамақ. «Кішкентай жыртқыш құстардың» аздаған бюджетін актриса таспаға ұсынылған айналымдағы жоғары R рейтингімен түсіндірді.
«Кішкентай жыртқыш құстар» - DC комикстерінің аттас бөлімі, бұл жақта суперқаһармандар түгелдей дерлік әйелдер болып табылады. Қазіргі таңда экрандауда нақты кімдердің болатыны белгісіз, дегенмен Бэтгерл, Қара Шымшық және Аңшы фавориттер ретінде қарастырылуда. Түсірілімге режиссер Кэти Янь («Өлі шошқалар») тағайындалды. Сценарийін Кристина Ходсон («Еліктірме», «Қамауда») жазды. Марго Робби: «Бұл хикаяны әйел режиссер баяндауы тиіс. Ол жұмысты қалыпты бюджетпен жасауға мүмкіндік алуы керек. Ал мен экшнді жақсы көремін. Атыс-шабысты ұнатамын. Мен – жас әйелмін. Біз нақты бір рөлдерді ұнатуға тиістіміз деп кім айтты?», - деп хабарлады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін