Марго Робби «Бір күні Голливудта» фильмінің актерлік құрамына ресми түрде қосылды

Соңғы айлардағы тараған сыбыстар расталды: Марго Робби («Қош бол, Кристофер Робин», «Тоня барлығына қарсы шығады») «Бір күні Голливудта» фильмінің актерлік құрамына ресми түрде қосылды. Соңғы кездегі дүрліктірген жобаның режиссері - Квентин Тарантино болды, ал Робби Шэрон Тейттің рөлін сомдайды. Сондай-ақ, басты рөлдерге Леонардо ДиКаприо және Брэд Питт түспек.
«Тарантино – мен үшін ең жақсы режиссерлардың бірі. Әлі есімде, мен үнемі оның жұмыстарының жанкүйері болатынмын. Мен оның қалай жұмыс істейтінін білгім келетін. Мен оның түсірілімді қалай басқаратынын, актерлармен қалай жұмыс істейтінін және сценарийден бастап түсірілім алаңына дейін жүзеге асырған жұмыстарын көргім келеді. Мен осыдан ерекше шабыт аламын. Мен үшін бұл жоба арманымды жүзеге асыратын тәжірибе болмақ», -деп ерекше көңіл-күймен алдағы түсірілім жайлы пікірімен бөлісті Робби.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін