Квентин Тарантино мен Леонардо ДиКаприо Чарльз Мэнсон жайлы фильмнің бөліктерімен қызықтыруды жалғастыруда

Режиссер Квентин Тарантино және актер Леонардо ДиКаприо Чарльз Мэнсон жайлы фильмнің бөліктерімен қызықтырып келеді. «Көшеден көше, кварталдан квартал, бірақ біз Лос-Анджелесті 1969 жылғы Голливуд образына қарай өзгертудеміз», - деді Тарантино дүйсенбі күні Лас-Вегастағы Cinema Con көрмесінің қатысушыларына ДиКаприо екеуінің даулы жаңа фильмі жайлы, картинадағы оқиға 60-жылдарда болған, ол кезде Чарльзді аяусыз өлтіргендер бүкіл Голливудты дүр сілкіндірген еді.
Режиссер жаңа фильмінің «Қылмыстық оқиғаға» жақын болатынына уәде берді. «Бір күні Голливудта» деп аталатын жаңа фильм ДиКаприо мен Тарантиноны 2012 жылғы «Босатылған Джанго» ортақ жұмысынан кейін қайтадан біріктіріп қоймай, 2009 жылы Тарантиноның «Атақсыз сұмырайда» басты рөлді сомдаған Брэд Питтке де бір кейіпкер дайындап қойған.
«Бұл өте құпия. Бірақ, «Бір күні Голливудта» фильміндегі оқиға хиппи революциясының қызған шағында, контрмәдениет пен Голливуд жаңа белестерге көтерілгенде болғанын айта аламын. Көшеден көше, кварталдан квартал, бірақ біз Лос-Анджелесті 1969 жылғы Голливуд образына қарай өзгертудеміз», - деді Тарантино.
ДиКаприо да қоса кетті: «Біз әлі жасап бітірмеген фильм жайлы айту қиын, бірақ мен қатты қобалжып жүрмін... Сценарийді актер ретінде емес, Лос-Анджелес тұрғыны ретінде оқып шықтым. Бұл ең тамаша сценарийлердің бірі. Біз үздік жұмысымызды нағыз фантастикалық сапада жасамақпыз».
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін