Киноға түскің келе ме - төле!
Кинода жалған кастингтер жасаумен айналысатын алаяқтар көбейіп кетті. Олар сайттарға атақты кинокомпаниялардың аттарынан анкетаны толтыруды өтініп, жалған хабарлама жариялайды. Кастингтен сәтті өткен соң олар онлайн-әмианға белгілі бір сумманы салуды өтінеді.
Осындай алаяқтар «Қазақфильм» кинокомпаниясының да атын жамылып, жалған кастингтер жариялаған. olx.kz сайтында Шымкент қаласында түсірілімге адамдар қабылдап жатқандығы туралы хабарлама шыққан. Түсірілімге қатысқаны үшін сағатына 2000 теңге, күніне 10 000 теңге төленетіні айтылған. Түсірілімге нақты келетіндігіне көзжеткізу үшін қатысушы электронды шотқа ақша салуы тиіс. Кейіннен «Қазақфильм» басшылығы мұндай кстингтер өткізбейтінін айьқан болатын.

«НТК» телеарнасы да мұндай алаяқтықтан құр қалмапты. Бұл жолы алаяқтар сериалға түсу үшін қыздарды шақыратынын айтып, ол үшін қатысушы банк картасына аздаған ақша салу керектігін жазып жариялаған. Алайда ешқандай байланыс нөмірлерінің болмауы күдік тудырады емес пе...
«НТК» телеарнасының бас продюсері Мадина Абдрашитованың сөзіне қарағанда кез келген кастинг тегін өткізіледі және көп жағдайда актерлерді арнайы агенттіктер арқылы шақырады, Сондай-ақ продюсердің айтуынша кастинг турады ақпаратты тек компанияның ресми сайтынан ғана іздеу керек.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін