È

Тағдыр тәлкегі немесе өткен өмірдегі қателік

 «Игра судьбы» фильмі жақында прокатта

6 қазанда жас режиссер Нұрғиса Ағыбаевтың «Игра судьбы» мелодрамасның тұсаукесері болады. Фильмнің өндірісімен AGI Production киностудиясы және Studio ELEMENT айналысты. Сценарий авторы Индиго Абрамович.

«Игра судьбы» кинолентасы балалар үйінен қашып кеткен Әсел есімді қыз жайлы. Өзінің ата-анасын іздеп жүріп, ол көше мухыканты Әлиді кезіктіреді. Гитаристің мінезінің қарапайымдылы, музыкаға деген махаббаты Әселді баурап алады. Бұған дейін осындай адамды кездестірмеген Әсел көше музыкантынан мейірім көреді. Тағдырдың жазуымен Әли мен Әсел жандары жақын адамдар болып шығады. Осы кезде Әли Әселдің өмірі туралы шындықты қазбалай бастайды.

«Қазір жастардың арасында кең таралған үлкен проблеманың бірі – өз қалауынсыз болған жүктілік. Бала сүюге дайын емес қыздар көбінесе жасанды түсік жасаиады немесе сәбилерін балалар үйіне қалдырады. эБіздің фильм әселдің басындағы оқиға арқылы өмірдің осындай ащы шындығын баяндайды. Бұл фильм біреуге тәлім-тірбие беруге бағыталмаған, керісінше, кинолентаны көрген адам өзінше ой түйеді», - дейді сценарий авторы Индиго Абрамович.

Басты кейіпкерлерді Әділ Арай, Бекетов Нұрлан, Әбләзимова Алианна, Рахатов Райымбек ойнайды.

Мелодраманың түсірілімі 2015 жылдың қарашасында басталып, 2016 жылдың наурыз айында аяқталды. Лентаның хронометражы - 90 минут.

«Картина Шымкентте және жақын маңдағы ауылдарда түсірілді. Картина шынайы шығу үшін локациялар мұқият таңдалды. Біз фильмнің сценарийінен алыстамауға тырыстық. Мыаалы, гитарист әлидің бөлмесін басынан бастап жасауға тура келді. Бірақ басты мәселе ауа-райы болды. Жиі-жиі қатты жел тұрғандықтан түсірілімді бірнеше күнге тоқтатуға тура келді. Бұдан басқа да мәселелер, актерлер науқастып қалды, ауа-райының жиі өзгеруі салдарынан кадрлар ұзіліп қалып жатты. ,Жалпы алғанда біздің топ жақсы жұмыс атқарды. Енді біз жағымды көңіл-күй, көрермендердің бағасын, сыншылардың орынды сындарын күтеміз», - дейді режиссер Нұрғиса Агибаев.

Түсірілім тобына оператор Ерлан Рахматуллаев, композитор Сұлтан Әбубәкіров, қоюшы-суретші Богдан Поддубный да кірді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер