È

«Құлагер» ұлттық жүлдесінің иегерлері

«Құлагер» ұлттық жүлдесінің иегерлері

Алматыда XIV Шәкен Айманов ХКФ аясында Қазақстан кинематографшылар одағының ұйымдастыруымен «Құлагер» ұлттық жүлдесінің марапаттау салтанатты өтті.

Үздік арнайы эффектілер мүсіншесін Cubic студиясы иеленді.

Ажар Әубәкірова («Қазақ хандығы. Алмас қылыш») костюм бойынша үздік суретші атанды.

Үздік көркемдік гримм үшін Лидия Ордынская («Анаға апарар жол») марапатталды.

Қасым Жұмағожин қайтыс болғаннан кейін «Құлагердің» үздік каскадер жүлдесімен марапатталды.

Үздік композитор - Қуат ШілдебаевТүрксіб»).

Дулыға АқмолдаОралман») үздік актер атанды.

Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда

Самал Еслямова үздік актриса атанды, оған жүлдені Қырғыз КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі Назира Мамбетова табыстады.

«Үздік операторлық жұмыс» номинациясының жүлдесіне Азамат ДулатовЖеделсаты») ие болды.

Үздік сценарий үшін Серік Апрымов («Әкеге қоңырау шалу») марапатталды.

Үздік продюсер – Арман Асенов («Қазақ хандығы. Алмас қылыш»).

«Үнсіздікте» фильмі үш жүлдені иеленді: Өмірзақ Шманов үздік қоюшы-суретші атанды, Сергей Лобанов үздік дыбыс режиссурасы үшін жүлдеге ие болса, Ардақ Әмірқұлов үздік режиссер атанды.

Серік Апрымов
Серік Апрымов

Жұмыстар топтамасы үшін Рамиль Усманов үздік анимациялық режиссер атанды.

«Мұзбалақ» үздік анимациялық фильм болды.

Жәкен Дәненов анимацияға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Алдияр Байрақымов «Шек» фильмімен биылғы жылы үздік дебют болды.

Үздік қысқаметражды фильм - Берік Жахановтың «Асаны».

Үздік кинотанушы - Назира Мұқышева.

Азамат Дулатов
Азамат Дулатов

Олег Белялов «Алтын Емел» жобасы үшін «Деректі киноның үздік режиссері» категориясы бойынша жүлдеге ие болды.

Ғазиз Насыров, Анвара Садықова «Қазақ биі» үздік деректі фильмі үшін марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Құлагер» жүлдесі Сәбит Құрманбековтың «Оралманына» табысталды.

Қазақ киносына қосқан үлестері үшін Қадыр Қосай мен Игорь Вовнянко жүлдеге ие болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер