Ираклий Квирикадзе және Сергей Азимов ойнамалы кино және ТВ кинорежиссурасының Жоғары курсына шақырады
Грузиядан келген режиссер әрі сценарист Ираклий Квирикадзе және Сергей Азимов ойнамалы кино және ТВ кинорежиссурасының Жоғары курсын таныстырды. Конақтармен кездесу Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында өтті.
Ираклий Квирикадзе мен Сергей Азимовтың шеберлігі алғаш рет 2011 жылы ашылған болатын.
«Бірнеше жылдар бойы бізде көптеген дарынды балалар оқып бітірді. Әр түлектің өзіндік ерекшелігі мен даралығы бар. Студенттеріміз алға қойған мақсаттарына жетіп, биікке өрлеген сайын Сергей Азимов екеуіміз қатты қуанамыз. Елзат Ескендір, Шарипа Оразбаева және т.б. түлектеріміздің жеткен жетістіктерімен әрдайым мақтанып отырамыз. Олардың жұмыстары тек отанымызда ғана емес, шет елдерде де биіктен көрініп жүр»-деп бөлісті Ираклий Квирикадзе.
Жоғары кинорежиссура курсы теориялық және тәжірибелік сабақтарынан тұрады және екі жылға дейін созылады. Теориялық оқу бағдарламасына фильм түсіру сатыларын үйрену мен жеке қысқаметражды картина түсіруге дайындық кіреді. Ал курстың тәжірибелік бөлімі режиссура, монтажды және көзбен шолу әдістерінің негіздерін үйренуге бағытталған.
Режиссерлардың шеберлік дәрістері Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА негізінде өтеді.
Ираклий Михайлұлы Квирикадзе – ВГИК-тің режиссерлік факультетінің түлегі, Григорий Чухрайдың шеберлігінде оқыған. Оқуды бітірген соң, ол «Грузия-фильм» студиясында жұмыс істеген. 1970 жылы режиссер танымал грузиндік қысқаметражды фильм атанған «Құмыра» («Кувшин») туындысын түсірген. Ираклий Квирикадзе – «Робинзонада, немесе менің англиялық атам», «Лимита», «Айлы әке», «Распутин», «Біздің заманымыздың батыры» және т.б. көптеген таспалары сценарийінің авторы және қосалқы авторы.
Суреттер: www.kaznai.kz
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін