Ескендір Нарымбетов «Onna Djon» фильмінің түсіріліміне қатысты
Алматы облысында Виктория Якубованың «Onna Djon» («Мамочка») фильмінің түсірілім өтті. Франциядан келген режиссер қазақстанда тағы бір картина түсіруді ұйғарыпты. Бұған дейінгі «Мой клад» деп аталатын қысқа метрі.
Жаңа кинолентаны түсіруге отандық қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов атсалысты. Кинематографистің айтуынша, көрермендерге толықметражды авторлық кино ұсынылады.
«Өкінішке орай, Виктория Якубованың шығармашылығымен енді танысып жатырмын. Ол өзінің ойлары мен идеяларын ерекше әдіспен жүзеге асыруға тырысады. Виктория, сөз жоқ, дарынды адам, ол үнемі ізденісте жүреді. Қоюшы-оператор ретінде мен стандартты қалыптан шығуға тырыстым. Ортақы толқынымызды таба алдық деп ойлаймын, алдын ала ойластырылғаннан да артық іс тындырдық. Түсірілім барлығы 9 күнге созылды. Түсірілім тобы өте жақсы жұмыс істеді. Өйткені қысқа мерзімде толық метр түсіру - қыруар еңбек», - дейді Ескендір Нарымбетов.

«Onna Djon» фильмі өзбекшеден аударғанда «ана» деген сөзді білдіреді, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты баяндайды. Сюжет бір отбасы жайлы, ондағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы онша жақсы емес. Фильм кейіпкерлеріне бірқатар сыннан өтуге тура келеді, соңында олар үлкен сыйға ие болады, ең басты олар отбасылық құндылық пен туыстардың қадірін түсініп, жүректері тазарады.
Қазақстанда аз ғана уақыт болса да Виктория Якубова шағын әңгіме жазып, соған орай фильм түсіруді ұйғарған. Қысқаметражды лентаны түсіруге продюсерлер Айгүл Ізмагамбетова және Гүлшат Беген, Мәскеуден келген қоюшы-суретші Александра Аронова атсалысты. Сценарийді жазуға көмектескен Еркебұлан Бектұров. Техникалық қолдау көрсеткен «Бййтерек» студиясы.

Картинаға Азиз Бейшеналиев, Наталья Машкевич және Айша Берікқызы («Мой клад») қатысты. Сондай-ақ түсірілімге Ажар Ибраева мен Азат Нұртай да қатысты.
«Onna Djon» лентасы Талғар ауданындағы Белбұлак ауылында түсірілді.
Ескендір Нарымбетовтың ойынша, осы түсірілген арт-хаус киноны ауропалық көрермен жақсы қабылдайды.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін