Жасыл өзендегі қылмыскер туралы оқиға
Белгілі сериал актеры Майкл Шин («Мастера секса», «Фрост против Никсона») «Убийца с Зеленой реки» драмасын түсіруде өзін режиссер ретінде сынап көрмек. Оның үстіне Майкл сценарийді өзі жазып, басты рөлде өзі ойнайды. Сюжет Джеффаған. Дженсонның «Убийца с Зеленой реки: Правдивая история» кітабынан алынды. Оқиға Гэри Риджуэ атты адам өлтіргіш туралы, ол қырық тоғыздай адамды өлтірген, бірақ оны 80-90 жылдары жиырма жылдай ешкім ұстай алмаған. Тек 2003 жылы ол өзінің кінәсін мойындадыКітап болған оқиғаның негізінде жазылған, оны кітап авторының баласы, детектив Том Дженсон баяндайды. Кинолентаның продюсерлігімен Dark Horse Entertaiment студиясынан Майк Ричардсон және Кит Голдберг ацналысады. мамандардың айтуынша, фильм адам өлтіруші туралы фильмдердің ішіндегі ең сәтті түсірілгені. Көрсетілетін күні әзірге белгісіз.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін