Ұлы ханның тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысында Абылай ханның өміріне арналған биографиялық фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Лентаның режиссеры Жорабек Мұсабаев.
Тарихи фильм үш жүздің басын қосқан Әбілмәнсұрдың тағдыры жайлы баяндайды.
Сценарийді Жорабек Мұсабаев екі жылға жуық уақыт жазды, ал фактілерді жинауға бір жылдай уақыт кеткен. Режиссердың айтуынша, сценарий Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде жазылған, сондай-ақ ғалым Қазыбек Таусарұлының XVIII жылғы қолжазбалары қолданылды.

Режиссер Жорабек Мұсабаев
Картина екі бөлімнен тұрады: біріншісінде ханның жастық шағы, екіншісінде - әскербасы мен билікке келуі.Тұлғаны үш актер ойнайды. Абылайдың хан болған кезеңін Мұсабаевтың өзі ойнайды.
Авторларлың айтуынша, көрермен үш жүздің басшысының өмірі жайлы ғана емес, оның неге «Сабалақ» атанғанын білетін болады.
Түсірілім еліміздің оңтүстігіндегі Түлкібас ауданы, Балықшы елдімекенінде жүріп жатыр. Қазіргі кезде материалдың 80% түсіріліп бітті. Байопик экранға жылдың соңында шығады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін