È

XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің қорытындысы

XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің қорытындысы

Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жабылу салтанаты болып өтті және биылғы жеңімпаздар анықталды.

«Тоғысқан тағдырлар» халықаралық бағдарламасында колумбиялық режиссер Джонни Хендрикс Инестростың «Канделария» картинасы үздік фильм үшін Гран-при жеңіп алды.

Үздік режиссерлік жұмыс үшін «Соғыстағы әйел» (Исландия) фильмімен Бенедикт Эрлингссон марапатталды.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесін «Күнбағыс» картинасымен Қытайдан келген режиссер Чжан Лопин иеленді.

«Атамекен» бағдарламасында режиссер Эдуард Новиковтың (Якутия, РФ) «Патша-құс» картинасы Гран-приге ие болды.

Отандық қоюшы Болат Қалымбетов «Талан» таспасымен үздік режиссерлік жұмыс жүлдесін жеңіп алды.

Үздік сценарий Мустафа Карадениздің (Түркия) «Чинар» таспасында.

Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.

Үздік әйел рөлін режиссер Зульфикар Мусаковтың (Өзбекстан) «Әкем ауырып қалды» картинасында Феруза Саидова сомдады.

Үздік ер адам рөлі жүлдесін қырғыз режиссері Темірбек Бірназаровтың «Түнгі апат» фильмінде ойнаған Ақылбек Әбдіқалықов иеленді.

НЕТПАК-тың арнайы жүлдесіне «Тұлғалық өсу тренингі» ие болды. Түркиялық актер Сердар Гёкхан әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлдені иеленді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер