Иван Ургант пен Сергей Светлаков «Ёлки-5» фильмін таныстырды
Актер, жүргізуші, әрі комедианттар Сергей Светлаков пен Иван Ургант «Ёлки» орыс франшизасының жаңа фильмін таныстырды. Бұл жаңа жылдың сиқыры жайлы бесінші фильм. Тұсаукесер Мәскеуде «Формула кино» кинотеатрында өтті. Түсірілім тобынан бөлек тұсаукесерге ресейлік шоу-бизнес өкілдері шақырылды. Олардың арасында Дмитрий Дибров, Алла Михеева, Татьяна Догилева, Мария Шукшина және басқалар болды.
Ресейлік прокатқа «Ёлки-5» ертең, 22-інші желтоқсанда шығады, ал әлемдік рпрокатқа 29-ыншы желтоқсаннан бастап шықпақ.
«Ёлки-5» комедиялық фильмдер сериясы Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром!» секілді жаңа жылдық дәстүрлі фильмге айналды.
Вас заинтересует:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін