È

«Оралман из Питера» комедиясының алғашқы жинағы белгілі болды

13-16 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада көптен күткен «Форсаж 8» атыс-шабыс фильмі, «Ой, мамочки» және «Оралман из Питера» комедиялары жарыққа шықты.

Сөзсіз, өткен демалыстың жеңімпазы «Форсаж 8» атыс-шабыс фильмі атанды. Франшиза Қазақстан бойынша 2017 жылғы ең көп касса жинаған - 1 098 648 040 теңге. Режиссер Феликс Гэри Грейдің картинасы 250 миллион долларды құраған, оны Голливуд тарихында бірінші рет Кубада түсірген. Авторлардың айтуынша, фильмнің сегізінші бөлімі бұл өмірмен 2013 жылы қош айтысқан Пол Уокерді еске алу құрметіне арналған. Сегізінші бөлім өз отанында танымал бола қоймады: жинақ 100 миллион долларды құрады.

Екінші орынды «Время первых» ресейлік киносы иеленді. «Bazeleves» студиясының туындысы 73 718 000 теңге пайда тапты. Адамзаттың алғаш ғарышқа сапары туралы фильм түсіру идеясы актер Евгений Мироновқа тиесілі. Сонымен қатар, картина продюсері атанып, басты рөлдердің бірін сомдады. Арнайы түсірілім үшін түпнұсқадан әлдеқайда жеңілірек 4 скафандр жасалды. Алайда, актерлардың айтуынша, синтетикалық материалдың әсерінен олар ыстықтаған.

«Форсаж 8» фильмінен көрініс

Үшінші орынға 28 601 160 теңгелік табыспен «Уйти красиво» комедиясы жайғасты. Режиссерлері Зак Бафф пен Джои Кинг 2013 жылы «Оз: великий и ужасный» фильмінде бірге жұмыс істеген. Актерлар үшін бұл жоба 50 жылдық үзілістен соң «Семь разных женщин» (1967) драмасының түсірілімінен кейінгі бірінші біріккен жұмыстары болды. «Уйти красиво» АҚШ-та 6 миллион доллардан аса қаржы жинады.

«Босс-молокосос» мультфильмі төртінші апта бойы айналымнан 25 239 300 теңге жинап үлгерді. Картина «Dream Works» студиясының 2017 жылғы үшінші жұмысы. Жуық арада «Семейка Крудс 2» пен «Капитан Подштанник» фильмдері жарыққа шығады. Актер Майлз Кристофер Бакши үшін «Босс-молокосос» - оның қатысуымен кең көлемді айналымға шыққан алғашқы картинасы. Америкалық айналымда фильм 15 миллион доллардан астам қаржы жинады.

«Босс-молокосос» мультфильмінен көрініс

«Смурфики: Затерянная деревня» анимациясы кассаны 20 303 110 теңгеге толтырды. Франшизаның жаңа бөлімі кинонұсқаның жалғасы емес, қайта туылуы болды. Авторлар «Смурфики 2» фильмі сәтсіздікке ұшыраған соң осындай шешімге келген. Актер Джонатан Уинтерстің қайтыс болуына байланысты, Смурфтың әкесінің рөліне Джон Гудман ұсынылған еді. Бірақ, ол рөл Мэнди Пэтинкинге («Мыслить как преступник» хикаясы) бұйырды. Штатта картина 6,5 миллион доллар жинады.

«Оралман из Питера» отандық комедиясы тұсаукесерден кейін 18 509 100 теңге көлемінде қаржы тауып үлгерді. Музыкалық фильм сазгер Арман Дүйсеновтың продюсерлік жобасы болды. Сондай-ақ, картинаға еліміздің танымал жандары: Еркеш Шәкеев, Әнел Аринова, Айқын Төлепберген, Луина және «Жігіттер» квартеті түскен.

«Смурфики: Затерянная деревня» мультфильмінен көрініс

«Сплит» триллері апта ішінде екінші орыннан жетінші орынға түсіп қалды. Фильм ортақ қоржынға бар болғаны 17 138 100 теңге салды. Картина - Найт Шьямаланның алғашқы жобасы. Бұл жолы сазгер ретінде Джеймс Ньютон Ховард емес, Вест Дилан Тордсон («Джой», «Охотник на лис») болды.

Он миллионннан аз қаржы жинағандар: «Собачья жизнь» фильмі - 9 614 000 теңге, «Красавица и чудовище» - 8 512 900 теңге, «Возьми меня штурмом» - 2 201 000 теңге және «Ой, мамочки» комедиясы - 1 587 500 теңге.

«Соқыр махаббат» отандық драмасы екінші демалыста 335 600 теңге ғана жинаған, бұл тұсаукесерлі көрсетілімдерге қарағанда 8 есе аз болып тұр.

* Материал «Rentrak» және «Ticketon.kz» жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды.

Қазақстанда «Rentrak» жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Махаббат Ешкаева

18 апреля 2017, 22:05

Такая радость за процветающее кинопроизводство!

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер