È

Екінші Eurasia film market кинонарығы ашылуға дайындалуда

Екінші Eurasia film market кинонарығы ашылуға дайындалуда

1 шілде күні Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өтетін екінші Eurasia film market кинонарығы басталады. Іскерлік алаңқай Wyndham Garden Astana қонақ үйінде өтеді және отандық пен шетелдік кинематографшыларды, продюсерлер мен дистрибьюторларды біріктіреді.

Жыл сайынғы Еуразия кинонарығында жаңа жобалардың тұсауы кесіледі, Қазақстан мен Орта Азиядағы кинокәсіптің болашағы талқыланады, дөңгелек үстелдер, панельді пікірталастар мен шеберлік сағаттары өтеді. Маңызды оқиғалардың бірі питчинг болмақ, ол жақта сценарийі өңдеу кезеңінде тұрған жобалар таныстырылады. Ұйымдастырушылар тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы режиссерларды қатысуға шақырады.

Еуразия жобалары нарығына қатысу үшін халықаралық және қазақстандық аудиторияға бағытталған жоғары потенциалды толықметражды және қысқаметражды фильм болу керек және өтініш формасын толтыру қажет (eurasiapitching@gmail.com поштасына жолданады). Сонымен қатар, орыс тілінде синопсис (1-2 бет) және режиссер, сценарист немесе продюсерлердің жобаға қатысты авторлық көзқарасын (1 бет) дайындау шарт.

Өтініштер 15 маусымға дейін қабылданады.

Eurasia film market ресми бағдарламасына қатысуға барлығы 10 жұмыс іріктелініп алынады. Питчинг барысында жобаларды халықаралық сарапшылар бағалайтын болады.

Еске салсақ, былтырғы жылы өткен питчингтің жеңімпаздары Шарипа Оразбаева («Сілеусін») және Аян Найзабеков («Ессіздік») болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер