È

Ұшуға әзірміз!

Ұшуға әзірміз!

Достар, біз «Байқоңыр» I Республикалық қысқаметражды кинобайқауының ресми сайтын шығарамыз.

Фестиваль Көк-Төбе орталық алаңында болады, киносүйгіш қауымға Қазақстанның жас кинемотгнафистерімен танысу мүмкіндігі туады, ал қатысушылар үшін бұл кино әлеміндегі алғашқы баспалдағы болмақ.

Іс-шараның бағдарламасына қазақстандық және отандастырымыздың шетелде түсірілген қысқаметражды фильмдері кіреді. Байқау шарты бойынша 29 жасқа дейінгі режиссерлердің 2015 және 2016 жылдары түсірілген деректі, анимациялық, көркем фильмдері қатыса алады.

Марапаттау келесі аталым бойынша жүргізіледі:

  1. «Гран-при»
  2. «Үздік фильм»
  3. «Үздік режиссер»
  4. «Үздік оператор»
  5. «Үздік сценарий»
  6. «Үздік экспериментальды фильм»
  7. «Үздік деректі фильм»
  8. «Үздік анимациялық фильм»
  9. «Бродвей таңдауы»
  10. «Арнайы жүлде»

Қазылар алқасының құрамына белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері, режиссерлер, сыншылар және басқа да Қазақстан киноөндірісінің өкілдері қатысады. Байқаудан тыс бағдарламаға белгілі режиссерлердің деректі, анимациялық, көркем фильмдері қатысады.

Байқауға қатысуға онлайн өтініштерді қабылдау жақын күндері басталады.

«Байқоңыр» кинофестивлінің ұйымдастырушысы - Бродвей» кинопорталы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер