È

Қазақстандық режиссер қазіргі мәдениет жайлы деректі фильм түсірді

«Как отмыть культуру. Министр»

Отандық режиссер Әділхан Ержанов «Как отмыть культуру. Министр» атты деректі фильмді әзірлеуде. Картина Қазақстандағы партизандық кино қозғалысының аясында түсірілген. Әділханның өзі осы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.

Картина толығымен деректі: ғаламторда және мұрағатта бар материалдардың негізінде жасалған. Сондай-ақ Қазақстанның қазіргі мәдениетіне қатысты сұқбаттар, репортаждар, мақалалар да фильмге негіз болды. Жалпы фильм екі жыл көлемінде туды.

«Осы картинаны түсіруне мені қазіргі өмірдің өзі итермеледі. Бұл фильм біздің мәдениетіміз жайлы, билік пен режиссерлер арасындағы симбиоз туралы, режиссерлер билікке қалай бейімделеді. "Дәліз" мәдениеті туралы сатира шықты. «Как отмывать культуру» картинасы біздің мәдениетімізді басқарудың комедиялық, трагедиялық фельетоны деуге болады», - дейді автор.

«Хозяева» фильмінен кадр

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Ержановтың «Риелтор» және «Хозяева» картиналарын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елді ұятқа қалдыратын фильмдер деп атаған болатын. Ал аталған фильм билік тарапынан қандай баға алатыны әзірге белгісіз. Алайда режиссердың айтуынша, қандай жолмен болса да билікпен диалог орнату өте пайдалы.

«Как отмыть культуру. Министр» картинасының әлемдік тұсаукесері Францияда өтеді, ал қазақстандық тұсаукесері қыркүйек айында.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер