È

Канндағы Қазақстан павильонының көрінісі қандай?

Канндағы Қазақстан павильонының көрінісі қандай? Қазақстан киносы

Қазақстандықтардың есінде «Le Village International» арнайы алаңқайдың аумағында жеке павильонының ашылуымен есте қалған Халықаралық 70-Канн кинофестивалі басталды. Қазақстан павильонының ашылуына Рашид Нұғымановтың ұйымдастыруындағы кинематографиялық мәдениет пен ғылымның «Ұлттық академиясы» қоғамдық ұйымы түрткі болды.

«Le Village International» алаңқайы – әлемнің 40 елдерінің киноиндустриясы таныстырылатын глобальді ауыл. Әр мемлекет павильон аумағында киножобаларының дамуына септігін тигізетін шараларды өткізуге құқылы. Яғни, ол жақта презентациялар, продюсерлермен кездесу, трейлердің көрсетілімдері, дөңгелек үстелдер, т.б. шаралар өтеді.

Қазақстан павильонының директоры Анна Качконың айтуынша, павильонның басты мақсаты – еліміздің кино қоғамын нығайту, отандық режиссерлар мен компанияларға өз туындыларын шетелдік демеушілерге көрсетуге мүмкіндік беру.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, павильонда «Қазақфильм», «Қадам», «Кубик», «Short Brothers» және т.б. компаниялар таныстырылады.

Еске сала кетсек, биыл Канн фестивалінің «Short Film Corner» арнайы бағдарламасында 7 қысқаметражды Қазақстан картиналары қатысады.

Халықаралық киноның мерейтойлық Канн фестивалі 2017 жылы мамыр айының 17-жұлдызынан 28-іне дейін жалғасатын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер