È

Қанағат Мұстафин «Астанаға жиырма қадам» хикаясына актерлар іздестіруде

Қанағат Мұстафин «Астанаға жиырма қадам» хикаясына актерлар іздестіруде

Режиссер Қанағат Мұстафин «Астанаға жиырма қадам» жұмыс атауындағы хикаяға кастинг жариялады. Кастинг 1-ші және 2-ші мамыр күндері Алматыда өтеді.

«Астанаға жиырма қадам» телехикаясы 1998 жылы Астанаға келген жас мамандардың оқиғасы жайлы әңгімелейді. Кейіпкерлер Қазақстанның жас астанасының қалыптасуының куәгері болады. Көпбөлімді драманың өндірісімен Qazaqstan телеарнасының тапсырысы бойынша Arai Media Group студиясы айналысады.

Фильмді түсірушілер түсірілімнің басты рөліне, екінші қатардағы және эпизодтық рөлдерге актерлар іздестіруде. Кастингке қатысуға 12 мен 70 жас аралығындағы талантты ер азаматтар мен әйелдер шақырылады.

Кастинг мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Кенесары Хан көшесі, 18/3. Толығырақ мәліметті білу үшін мына номерге хабарласуға болады: 8 (747) 133 79 36.

 

Превью: Қанағат Мұстафиннің Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 апреля 2018, 22:34

Не плохо, надеюсь правды будет много, даже если горькая. Хотелось, чтобы было смысл правды, а не лжи.

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер