È

Қанат Бейсекеев Иранда не үшін тұтқындалғанын айтып берді

Қанат Бейсекеев Иранда не үшін тұтқындалғанын айтып берді

Жақында дерекші-режиссер Қанат Бейсекеевтің Иранда құқық қорғау органдарымен тұтқындалғаны хабарланған болатын. Отандасымыз шетелде өмір сүріп жүрген этникалық қазақтар жайлы жаңа жоба түсіріп жүрген. Бейсекеев не үшін тұтқындалғанын Telegram-да айтып берді.

Режиссердің айтуынша, ол сол ел билігінің ресми рұқсатынсыз түсірілім жүргізген.

«Елдің тәртібі мен бірқатар тыйымдарының әсерінен бейнетүсірілім кезінде қиындықтардың болатынын түсіндім. Бірақ, біз Youtubeтан бірнеше travel-бейнежазбаны көріп, шабыттандық та, біздің де қолымыздан түсіру келеді деп ұйғардық. Түсірілімге арнайы рұқсатты жеті ай бұрын алу керек екен, өкінішке орай, оған уақытым болмады. Тегеранға қонған соң, ешкім бізді және жүктерімізді тексерген жоқ. Біз жылдам әрі жеңіл түрде бақылаудан өтіп, әуежайдан шығып кеттік», - деп жазды Қанат Бейсекеев.

Кейбір материалдарды Тегеранда түсіріп болған соң, режиссер достарымен бірге Горган қаласына аттанады. Түсірілім барысында Қазақстан елшілігінен адамдар келіп, ескерту жасайды. Бірақ Бейсекеев түсірілімді жалғастыра береді. Дегенмен, дерекші жергілікті құқық қорғау органдарымен бәрібір кездеседі. Оны елден ұшайын деп жатқан жерінен әуежайда тұтқындап, түсірілім құралы мен бейнематериалдарды тәркілейді.

«Әуежайда жүктерімізді тексеру кезінде коптерді байқап қалып, бізді тоқтатты. Нұрсұлтан екеуімізді портта полицей учаскесіне жіберді. Әділетті «чекин» жасауға жібердік, сол әрекетіміз дұрыс болған екен, ол тұтқынға алынбады, заттары да тәркіленген жоқ. Нұрсұлтан екеуімізді үш сағатқа жуық тергеді. Ұшатын уақытымыз таяп қалғандықтан, қатты алаңдадық. Жарты сағат қалғанда, коптерімізді алып қалып, өзімізді жіберді. Біз өзіміздің гейтке қарай жүгірдік, ол жақта полициядан да салмақты қызметкерлер – ұлттық қауіпсіздік қызметі күтіп тұрды. Бізді қайтадан учаскеге апарып, барлық сөмкелерімізді ашуды қатаң талап етті. Сөмкемізде қымбат MacbookPro, айпад және көптеген кәсіби аппаратуралар болған. Олар коптерді, компьютерлерді, флешкаларды – барлығын тәркіледі», - деп қоса кетті режиссер.

Болған жағдайға қарамастан, қазақстандықтар фильмді бәрібір көретін болады. Режиссер түсірілген материалдың көшірмесін жасап үлгерген, оны достарының бірі өзімен бірге алып кеткен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер