Қанат Бейсекеев Нью-Йоркте қазақ полициясы туралы екінші фильм түсірді
Желіде Қанат Бейсекеевтің «Америкадағы қазақстандықтар» жобасының жалғасы іспетті жаңа фильмі пайда болды. «Kazakh cop in New York» атты деректі картинаның кейіпкері - Нью-Йорк полициясының қызметкері Димаш Ниязов.
Димаш Ниязов Шымкенттің тумасы. Ол ұзақ уақыт бойы ата-әжесімен бірге тұрған. Өйткені, ата-анасы штаттарда жұмыс істеп, ақша табатын. Димаш 13 жасында ата-анасының қасына барып, Нью-Йоркте тұра бастайды. Отандасымыз соңғы 3 жыл бойы New York City Police Department мекемесінде қызмет атқарады және бокспен айналысады. Кейіпкер 11-минуттық фильмде сүйікті жұмысы мен сүйікті ісі туралы және Америкаға көшу себептерін баяндайды.
«Kazakh cop in New York» фильмінің түсірілімінен сурет
Картина былтырғы жылдың мамыр айында «Астана Банкі» АҚ-ның қолдауымен түсірілді.
Еске сала кетсек, Қанат Бейсекеев былтырғы жылдың ақпан айында «Kazakh cop in Brooklyn» атты таспасын ұсынған еді. Ол жобаның кейіпкері Данияр Нұртаза болған.
«Америкадағы қазақстандықтар» кино топтамасында 10-нан астам картина бар. «Kazakh cop in New York» фильмі осы жобаның соңы болып табылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін