È

Қанат Бейсекеев «BALA» фильмінің түсірілімін қайта жаңартты

Қанат Бейсекеев «BALA» фильмінің түсірілімін қайта жаңартты

Документалист Қанат Бейсекеев«BALA» жобасымен жұмысты 2015 жылы бастаған болатын, бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты уақытша түсірілімді тоқтатқан еді. Жобаның түсірілімін жалғастыру үшін 5 мың доллар қаржы қажет болды. Бейсекеев жобаны аяқтау үшін краудфандингтік кампания ұйымдастырды, сонымен бес күн ішінде қажетті қаржы жиналды.

«BALA» - Американың түрлі штаттарындағы Қазақстаннан асырап алынған балалар туралы деректі фильм. Режиссер Voxpopuli.kz. порталына фото-жоба жасағаннан кейін осындай идея туған.

Қанат Бейсекеев

Картинаның мақсаты - асырап алынған балалардың шынайы өмірін көрсету. Бейсекеевтің сөзіне қарағанда, қоғамда асырап лынған балалар өз отанын ұмытып, өз тамырынан ажырап қалады деген түсінік қалыптасқан.

Айта кетейік, негізгі қаржыны америкалықтардың өздері, асырап алынған балалардың ата-аналары берген. Барлық қаржы құрылғыны жалға алуға, монтажға, аудармашының жұмысына және тұратын орын мен тамаққа жұмсалады.

Қанат Бейсекеевтің деректі фильмін көрермендер жақында тамашалай алады.

 

Тақырып бойынша:

Қанат Бейсекеев: «Мені қарапайым адамдар шабыттандырады»

«Алдаберген-аға». Ұмытылған дәстүрлер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер