È

Канн-2018: биылғы фестивальдің ресми постері

Канн-2018: биылғы фестивальдің ресми постері

Канн кинофестивалі биылғы жылдың ресми постерін ұсынды. 27 жасар дизайнер Флор Макен бұл жұмысқа Жан-Люк Годардың 1965 жылғы «Ессіз Пьеро» фильміндегі көріністі пайдаланды. Ол әйгілі француз режиссерінің жұмысынан шабыттанып, осы классикалық картинада рөлдерді сомдаған жұлдыздар Жан-Поль Бельмондо мен Анна Каринаны таныстырады.

Авторы Жорж Пьер болып табылатын суретте Бельмондо мен Карина өз автокөліктерінің терезесінен бастарын шығарып, сүйісіп тұрады. Олар – бір-бірін сүйетін қозғалыстағы екі жүрек, екеуі француз Ривьерасының бір жерінде жүр, яғни сол жер биылғы жылы 8-19 мамыр аралығында өтетін Канн кинофестивалінің дәстүрлі орны болып табылады.

Биылғы Канндағы қазылар алқасының төрағасы Кейт Бланшетт болмақ.

Жорж Пьердің кино мәдениетіндегі рөлін түсіну аса маңызды. Ол өткен ғасырдың сонау 60-жылдарында өндірісте жұмыс істей бастаған еді, оны француз киносының шеберлері Годар, Жак Риветт, Ален Рене, Луи Маль, Робер Энрико, Клод Соте және Бертран Тавернье өз ісінің нағыз маманы ретінде бағалады. Сонымен қатар, Жорж Пьер танымал поляк режиссерлары Анджей Жулавски және Анджей Вайдамен бірге жұмыс істеген. Одан бөлек, Жорж Пьер кинодағы фотографтар еңбегінің көркем еңбегін көрсету үшін Кинофотографтар қауымдастығының негізін қалаған болатын.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер