È

Канн-2018: негізгі байқауда Стефан Бризенің «Соғыста» фильмінің тұсауы кесілді

Канн-2018: негізгі байқауда Стефан Бризенің «Соғыста» фильмінің тұсауы кесілді

Канн фестивалінде негізгі байқауда Стефан Бризенің «Соғыста» фильмінің тұсауы кесілді. Режиссер бұл жұмысты зауыттың жабылуына қарсы шыққан жұмысшылар жайлы таспа ретінде ұсынды. Стефан Бризе аудиторияны нағыз шайқасқа бағыттайды, әр тарапта адамзаттың тұрмыс-тіршілігінің шынайы көрінісі мен күн сайын өзгеріп тұратын жаһандық экономика суреттеледі.

«Өз сөзіңізде тұрыңыз», - деп айтылады «Соғыста» фильмінде директорға келіссөз барысында француз қаласы Ажендегі автокөлік жинау зауытындағы профсоюз өкілдерінен. Бұл мекемені жабу шешімі 2 жыл бұрын қабылданған, 1100 қызметкер ақысыз 40 сағаттық жұмыс күніне қол қойған. Сондықтан, олардың келісімі әлі 5 жыл бойы сақталуы тиіс, бірақ нарықтағы факторлардың өзгеруінен және нашар экономикалық болжамға сәйкес, иелері зауытты жабуды ұйғарады.

«Соғыста» фильмінде профсоюз мүшесі Лоран Амедео (Венсан Линдон) және әріптестері жалғандыққа тап болған шынайы оқиға көрсетеді. Олар акционерлерге дивидендтер мен бас директорға қомақты айлық төлеп отырған табысты компанияның өндірісті тоқтататынына сенбейді. Жұмысшылар бірнеше ай бойы құқықтары үшін таласады, сотқа арызданады, көтеріліске шығып, республика президентіне хат жолдайды. Фильм авторы ретінде Стефан Бризе еңбек адамдарының нағыз күйзелісін, зауыт иелерін моральды тұрғыда жеңуге талпынысын шынайы көрсете білді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер