È

Қарағандылық азамат ақырзаманнан кейінгі оқиғаны бейнелейтін «Қабырғаның арғы жағы» атты фильм түсірді

Қарағандылық азамат ақырзаманнан кейінгі оқиғаны бейнелейтін «Қабырғаның арғы жағы» атты фильм түсірді

Қарағандыда «Қабырғаның арғы жағы» атты компьютерлік графиканың көмегімен жасалған алғашқы фантастикалық фильмі түсірілді. Картинаның режиссері - архитектор Арман Әлімжанов. Ол он жыл бойы талмастан фильм түсіріліміне қатысты компьютерлік анимацияны оқып, зерттеген.

«Мен бұрын әртүрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделерге ие болып, болашақ кәсібімнің іргетасын қалай бердім. Ақырында кино өнеркәсібіндегі жолымды «Қабырғаның арғы жағы» фантастикалық фильмін түсіру арқылы бастаймын деп шештім. Картина ақырзаманнан кейінгі жанр бағытында түсірілген. Алғашқыда қысқа метр түсіремін деп ойлаған едім, кейіннен 80 адамнан құралған актерлық құрамның көптігін ескере отырып, оқиғаны толықметрлі киноға ауыстыруды жөн санадым» - дейді Арман.

Фильм «Геном» корпарациясының жабық қаласында өткізілетін бақылаудан шыққан зерттеулері туралы болмақ. Арада 40 жыл өткен соң жабық қалада, яғни қабырғаның арғы жағында не болып жатқанын анықтауға арнайы топ жіберіледі.

Фильмнің идея авторы режиссердің өзі болып табылады. Сонымен қатар компьютерлік графикамен, арнайы эффекттермен де режиссер өзі айналысқан.

«Бұл фильм тек көңіл көтеру контенті емес, сынамалы жоба болып табылады, яғни Қазақстанда да фантастика жанрында фильм түсіруге болатынының үлгісі іспетті. Біз осы жобамен Astana Media Week форумына қатыстық. Көптеген жылы лебіздер естіп, серіктес болуға ұсыныстар алдық»,- деп жауап берді жас режиссер.

Кинотаспаның түсірілімі шілде айында Сарань қаласында өтті, қалған бөлімі «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» биозертханасында жалғастырылды. Қазіргі уақытта фильм пост-продакшн кезеңінде тұр.

Таспа өндірісімен ARMANFILMS кинокомпаниясы айналысты, олар әлі де біраз шаруаларды атқармақ. Жуырда компания «Әлем кілттері» атты фэнтези жанрындағы телехикаяның, «Күштеу» фантастикалық картинасының және «Қазақстанның жабайы табиғаты» атты деректі фильмдер топтамасының жұмысымен айналыспақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер