È

Қарлығаш Мұхамеджанова: «Сценарийлердің тапшылығы - Қазақстан киносындағы басты мәселе»

Қарлығаш Мұхамеджанова: «Сценарийлердің тапшылығы - Қазақстан киносындағы басты мәселе»

Қарлығаш Мұхамеджанова II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде киноөндірістегі табысы жөнінде сөз қозғап, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Мұхамеджанова кездесу барысында New York Film Academy оқу тәжірибесімен, болашақ жоспарларымен, дубляж актрисасы болу арманымен және еуропалық киноға деген махаббатымен бөлісті.

«Мен шығармашылық отбасында тәрбиелендім, сондықтан өз өмірімді де шығармашылықпен байланыстырғым келді. Бала күнімде балерина болуды армандадым, қазір тіпті біраз қабілетім де бар. Ал актриса болуды есейген шағымда ойлап жүрдім. Басында ата-анам қарсы болған, бірақ мені көшеде халық тани бастаған соң келісті. Мен қандай да бір актердің белгілі бір образға байланып қалғанын қаламаймын. Өз басым, түрлі образдарды сомдағанды ұнатамын. Негізі, жауыз рөлді сомдау қызықты болар еді. Себебі, жағымды кейіпкерден гөрі, жағымсыз образды сомдау әлдеқайда қиынырақ»,-деп бөлісті актриса.

Сонымен қатар, Қарлығаш Мұхамеджанова Нью-Йорк кино академиясының түлегі болып табылады. Бойжеткен оқу барысында керемет тәжірибе жинақтағанын және қатты әсер алғанын жасырмады.

«Сценарийлердің тапшылығы - Қазақстан киносындағы басты мәселе. Егер маған мықты сценарий ұсынса, жұмысқа ерекше ыждаһаттылықпен кірісемін. Экранға жиі шықпауымның себебі осы болса керек, мені қазіргі оқиғалар таң қалдырмайды. Ресейлік әріптестерге қарағанда, Қазақстан актерлары киноға түскеннен гөрі, рөлдерін ұзақ күтетін сияқты. Ресейліктерде айына бір түсірілім болып тұрады. Осыдан шығатын қорытынды, бізде бәсекелестік өте төмен»,-деп өз ойын білдірді Мұхамеджанова.

Актрисаның бірнеше отандық кинотаспаларға түсіп үлгергені белгілі. Олардың арасында «Қызғылт қоян туралы хикая» қылмыстық драмасы, «Сәбина келін 2» комедиясы, «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» тарихи хикаясы және «Жүрегім менің - Астана» кинотаспасы бар.

«Мен Еуропа киносының ахуалын ұнатамын, сондықтан еуропалық режиссердің бір киносына түсуді армандаймын. Шетелдік актерлар мен актрисалардың арасында Марион Котийяр, Мерил Стрип және Бенедикт Камбербэтчтермен бірге жұмыс істегім келеді. Сондай-ақ, шетелдік мультфильмнің дубляждауына қатысқым келіп жүр, себебі анимацияны жақсы көремін, мен үшін қызыққа толы тәжірибе болар еді»,-деді актриса.

Қазіргі таңда актриса «Қазақ хандығы: Алтын тақ» хикаясының екінші маусымының түсіріліміне дайындалып жүр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер